"Ақтөбеде ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

20-21 желтоқсанда Ақтөбе қаласында ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелеріне арналған облыстың мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мемлекеттік қызметшілерінің хабардарлығын, сондай-ақ квазимемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.
Жиынға кәсіпорындардың 100-ден астам қызметкері қатысты.
Семинарда қатысушылар кибергигиена шараларын сақтау негіздерімен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық актілермен танысты.
Спикерлер әлеуметтік инженерия және фишингтік шабуылдар, жеке деректерді қорғау және ақпараттың құпиялылығы, зиянды бағдарламаларды анықтау және алдын алу, сондай-ақ Reverse Engineering: зиянды бағдарламалармен күресу және осал тұстарды талдау мәселелері бойынша негізгі ойларын бөлісті.
Іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті «MSSP.GL» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.
