Ақтөбеде адамдар тегін донер үшін төбелесіп қала жаздады

Ақтөбе қаласында донер дүкенін ашқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында жаңадан ашылған донер дүкені маңына жүздеген адамның жиналып, бір-бірін таптап кете жаздаған видеосы тарады.
Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желі арқылы дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. Кеше сағат 14:00-де сауда орнының ашылуы болып, оған бірқатар блогер шақырылған. Видеодан шараға жиналған адамдар қарасы қалың екенін көруге болады. Жастардың топ-тобымен жүріп, бір-бірін таптап өтуге шақ қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция осы оқиға байланысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салынды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
