Жаңалықтар

Ақтөбеде 5 жасар бала ойнап жүріп, терезеден құлап қайтыс болды

Ақтөбеде 5 жасар бала ойнап жүріп, терезеден құлап қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 06.06.2024 15:55 992

Ақтөбеде 5 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бала бөлмесінде ойнап жүріп, көп қабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

Өңірлік ПД таратқан хабарламада жазатайым оқиға салдарынан алған дене жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапқаны айтылады.

Өкінішке қарай, мұндай оқиға биыл облыста бірінші рет емес. Жыл басынан бері жеті жасөспірім бала терезеден құлап, салдарынан бір бала көз жұмды.

​Ақтөбе облысының Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға