Ақтөбеде 3 бала мен әкесі суға кетті
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
04.08.2024 11:24
757
Оқиға бүгін Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылында Ырғыз өзенінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1985 жылы туған ер адам суға батқан 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған. Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы.
Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан шығарды, - делінген облыстық ТЖД ақпаратында.
ТЖМ азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді
Келесі жаңалық
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады