Ақтөбе тұрғыны бес ақбөкенді сойып, 20 млн теңге шығын келтірді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
25.09.2024 10:42
541
Ақтөбе облысында полиция браконьерлік жасаған күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 қыркүйекте полицейлер "Охотзоопром" АФ қызметкерлерімен бірлесіп, Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара — Шымкент тасжолында "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Lada Largus автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды.
42 жастағы көлік жолаушысының айтуынша, пакетте бес ақбөкеннің еті бар, ол оны Ырғыз ауданының аумағында мотоциклмен соққан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі қадағаланады