Жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны әйелді 35 жерінен пышақтап, денесін көлігіне тығып қойған

Ақтөбе тұрғыны әйелді 35 жерінен пышақтап, денесін көлігіне тығып қойған
Фото: © Polisia.kz 19.07.2023 21:12 1359

Ақтөбеде әйелді 35 жерден пышақтап өлтірген сотталушының ісі апелляциялық тәртіпте қайта қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұған дейін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Енді оның жазасы қатаңдатылып, 15 жылға үкім кесілді.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 29 жастағы сотталушының ісін қайта қарады.

Сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін жариялады. 29 жастағы ақтөбелік аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына 8 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік қылмыс биыл ақпан айында орын алған. 1976 жылы туған әйел жұмысқа кеткен күйі оралмаған.

Полиция іздеу жұмыстарынан соң 29 жастағы күдіктіні қолға түсірді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға