Жаңалықтар

«Ақтөбе» «Сепси» командасымен тең түсті

«Ақтөбе» «Сепси» командасымен тең түсті
Фото: instagram.com/fcaktobe_official 11.08.2023 06:12 763

Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында «Ақтөбе» Румынияның «Сепси» командасына қарсы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында алғашқы минуттан екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді. Десе де ойыншылар өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алып жатты.

Екінші кезеңде румыниялық клуб басымдығын арттыра түсті. Оған қазақстандық команда лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңнің 65-минутында әріптесі Максим Самородовтың әуелете көтерген добын Элдер Сантана «Сепси» қақпасына соғып кетті. Оған румыниялық клубтан Роланд Варга 89-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша, командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға