Ақтөбе қаласында бопсалаушылар тобы ұсталды
Қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
03.12.2022 16:30
2280
Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы арнайы бөлімшенің жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Олар қарашаның басында Ақтөбе тұрғынынан ВАЗ-21070 автокөлігін зорлық-зомбылық көрсетіп, иемденген.
Ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары.
Күдіктілердің бірі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ақтөбе қаласы ПБ УИҒ-ға қамауға алынды.
ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістан қаласында мұз сарайы бой көтерді