Жаңалықтар

Ақтөбе облысының кәсіпорындарымен сауда байланыстары кеңейтіледі

Ақтөбе облысының кәсіпорындарымен сауда байланыстары кеңейтіледі
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі 21.04.2025 03:15 176

Ташкент қаласында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен BMB HOLDING компаниясының халықаралық қатынастар және инвестициялар жөніндегі бас директорының орынбасары Хайрулла Набижоновтың кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Абзал Әбдікәрімов Ақтөбе өңірінің экономикалық әлеуеті, соның ішінде көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін экспорттау мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, облыс аумағында жаңа еркін экономикалық аймақ құрылғаны және осы аймақтардың резиденттері саналатын инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер берілетіндігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасына апаратын негізгі сауда жолдарының тоғысқан жерінде орналасқандықтан, бұл өңірде ірі логистикалық орталық құруға қолайлы географиялық жағдайлар бар екені айтылды.

Кездесуде BMB HOLDING компаниясының негізгі қызмет бағыттары мен іске асырылып жатқан инвестициялық жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, күн тәртібіне өзара инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері енгізілді. Кездесу қорытындысы бойынша Абзал Әбдікәрімов BMB HOLDING компаниясын Қазақстандағы ірі сауда желілері мен дистрибьюторлық компаниялармен таныстыру арқылы өзара сауда ынтымақтастығын жолға қою үшін қолғабыс етуге дайын екенін білдірді,-делінген әкімдік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға