Ақтөбе облысының аумағында 51 шетелдік азамат қауіпсіз жерге жеткізілді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
30.12.2023 20:29
1371
Ақтөбе облысының аумағында Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының 51 азаматты эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында УФА-Ташкент бағыты бойынша жүрген жолаушылар автобусы аударылды.
Авариялық құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар Өзбекстан, және Тәжікстанның азаматтарын Қарабұтақ ауылы «Маяк» кемпингіне эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан ауа-райының өзгеруін қадағалап отыруды, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауды сұрайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында қар құрсауынан 5 адам құтқарылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды