Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң көрсеткіш байқалды

Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң көрсеткіш байқалды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 27.07.2024 17:50 627

Ақтөбеде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері қатысты. Жиын барысында Ақтөбе облысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, алдағы уақытқа арналған міндеттер белгіленді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов атап өткендей, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіп секторы, ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс салаларында жоғары көрсеткіштер тіркелді.

Облыс әкімі жеке тұрғын үй құрылысын салу есебінен тұрғын үйді іске қосу қарқынын арттыруды тапсырды. Жалпы, жыл соңына дейін 950 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарлануда. Құрылыс басқармасының болжамы бойынша, өңірде жаңа тұрғын үйді іске қосудың негізгі көлемі тамыз-қыркүйек айларында орындалмақ.

Жалпы, көрсеткіштер жаман емес. Көптеген көрсеткіштер бойынша алда келеді екенбіз. Бірақ, босаңсуға болмайды. Барлық алдымызға қойылған міндеттер шешімін табуы керек. Біздің жоспарымызда индустриялық аймақты кеңейту, әуежай аумағында логистикалық хаб құру және өңірдің экономикалық дамуы үшін маңызы жоғары басқа да жобалар бар, - деді әкім.

Сондай-ақ, отырыста «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру қаралды. Жоспарланған 122 іс-шараның 31-і орындалған және тағы 69-ы  орындалу сатысында.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға