Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.03.2023 14:17 1046

Ақтөбе облысында елді мекенге кірген еріген қар суымен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70500 текше метр еріген қар суы сорылды. Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылына жұмылдырылған күштер мен құралдар 13 тұрғын үйден су сору жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін көшірілген 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйлеріне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауылшаруашылық жануарлары қораға қайтарылды. Жағдай тұрақты бақылауда, - делінген Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Ақпаратқа сәйкес, қазір өңірде су тасқынына қарсы облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған бүгінге дейін ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға