Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Фото: railways.kz
Фото: railways.kz
27.03.2024 21:09
814
Ақтөбе облысында Қауылжыр станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, Қауылжыр станциясында қозғалыс қалыпқа келтірілген.
27 наурызда сағат 09:28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді, - делінген мәліметте.
Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды