Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып қалды

Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып қалды
Фото: видеодан кадр 12.04.2025 13:37 95

Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» тас жолында жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы жұмыстардан қайтып келе жатқан министрлік пен облыстық ТЖД қызметкерлері жолда аударылған жүк көлігін байқап қалған.

«Құтқарушылар жүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында көлікті дөңгелегіне тұрғызды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жолда абай болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға