Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен жүргізуші құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
12.04.2025 19:10
130
ТЖМ қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, бүгін Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орск» автожолының 100-шақырымында жеңіл автокөлік аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар келіп, арнайы гидравликалық құралдың көмегімен зақымданған көлікте қысылып қалған жүргізушіні босату бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккен жүргізуші құтқарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына табысталды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Трамп 90 күн ішінде 90 сауда келісімін жасауды жоспарлап отыр
Келесі жаңалық
Қазақстанның бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады