Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 21.06.2023 13:33 971

21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды және 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға