Ақтөбе облысында жол апатынан екі шетелдік азамат қайтыс болды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
17.05.2023 00:25
830
16 мамыр күні Самара – Шымкент автожолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.
ЖКО фактісіне қатысты тергеу басталды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады