Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 07.07.2023 13:24 1669

Ақтөбе облысында оқыстан болған жол апаты кезінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше өңірдегі Шалқар ауданының аумағында, Самара-Шымкент тас жолының 1235 шақырымында тіркелді. 

Hyundai Sonata автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Қазір қайғылы жол апатына қатысты ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға