Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған екі қыз табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған екі қыз табылды
Фото: © Polisia.kz 19.11.2023 06:20 749

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған апалы-сіңлілі қыздарды Хромтау қаласынан тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қыздар полиция бөліміне жеткізіліп, олардың әжесі шақырылды. Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды іздеуде көмек көрсеткен еріктілер мен барлық оқиғаға бей-жай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға