Ақтөбе облысында жоғалған малшы аман табылды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
21.02.2025 23:17
259
ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе облысында жоғалған малшыны аман тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Баршақұм ауылында 1987 жылғы ер адам мал іздеп шығып, қатты боранның салдарынан адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар жедел түрде келіп, іздестіру жұмыстарын төртаяқты құтқарушылардың, қар көлігімен және ТЖМ арнайы техникалардың көмегімен жүргізді. Малшыны құтқарушылар “Егізқара” шаруа қожалығының аймағынан тапты. Аталған азамат медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
