Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік ұсталды

Жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқан
Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік ұсталды
Фото: polisia.kz 17.02.2023 01:18 743

Ақтөбе облысында жалған көлік нөмірімен жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 ақпан Қарабұлақ–Қостанай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері РФ-ның 36 жастағы азаматының  басқаруындағы Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші жалған тіркеу нөмірлерін орнатқан, - делінген хабарламада. 

Жүргізушіге қатысты КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі «Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату» және КР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нөмірлік белгілер тәркіленді, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға