Ақтөбе облысында ТЖМ өкілдері жылқылар үйірін құтқарды

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
08.03.2025 05:03
798
ТЖМ құтқарушалары ауыл тұрғындарының малын аман сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство дерегінше, Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағай ауылдық округінің тұрғындары ТЖМ қызметкерлеріне қалың қарға батып кеткен жылқылар табынын құтқаруға көмек сұрап жүгінді.
Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен малға жол салып, оның бойымен қарлы учаскеден 20 бас жылқыны қуып шығарып, малды елді мекенге дейін айдауға көмектесті, - делінген мәліметте.
ТЖМ қысқы мал жаю кезінде ауа райы жағдайларын ескеру қажет екенін еске салады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары берілді