Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тағы бір жолды су басты

Ақтөбе облысында тағы бір жолды су басты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.03.2024 10:22 1003

Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық жолының 232 шақырымында Ұлпан ауылының тұсында автомобиль жолын еріген қар суы шайып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, бұл аумаққа құм толы 300 қап төселгенімен суды толық тоқтату мүмкін болмаған. Қар тез еріп, жолды су шайған.

Бұл аумақта су басу салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуге 47 адам мен 11 техника жұмылдырылған.

Әкімдік Шалқар ауданы әкімдігі аталған бағыттағы жолға шықпауды сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға