Жаңалықтар

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
Фото: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі 27.03.2023 10:28 1494

Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жалғасуда. Тартылған күштер мен құралдардың жұмысын су басқан үйлердің ойпат жерлерде орналасуы, сонымен қатар ойпат жерлерде еріген қар суының көп мөлшерде жиналу фактісі қиындатады.

Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 365 адам өз үйлеріне оралды.

Ақтөбе облысында 14-26 наурыз аралығында 614 541 м3 су сорылып, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. 15 286 м3 инертті материалдан ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды.

Сонымен қатар Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды.

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түсті.

Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан инженерлік және басқа да жұмыстар температуралық фонның күрт жоғарылауымен және топырақтың максималды қату көрсеткіштері жағдайында қардың күрт еруімен байланысты күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда жағдайды тез тұрақтандыруға ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға