Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті
![Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті Ақтөбе облысында шетелдіктер жол апатынан зардап шекті](/storage/storage/element/2023/07/04/mainphoto/58158/1200xauto_ISKu835FAeqIIcrRRVx6aICPt9r5MISeWIhT9qwn.jpg)
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
05.07.2023 07:30
1134
ҚР ІІМ мәліметінше, оқиға Ақтөбе облысының Самара-Шымкент автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
4 шілде күні Хромтау ауданы Қарлау ауылының маңында Ford Galaxy көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың жиегіне аударылды.
Салонда 8 адам болған. Олардың үшеуі кәмелетке толмағандар. Осы көліктің 7 жолаушысы, Тәжікістан Республикасының азаматтары, Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді, жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)