Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалған
![Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалған Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус жолда қалған](/storage/storage/element/2024/11/07/mainphoto/128959/1200xauto_bEYR4EX2ZRzcnEN66sN04llikhvgQRqTKmwbiwpt.jpg)
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
07.11.2024 14:17
471
Ақтөбе облысында полицейлер жолда қалған автобус жүргізушісі мен шетелдіктерге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, салдарынан кеше түнде Ақтөбе облысында республикалық жолдар жабылды.
7 қарашада Қалыбай ауылының маңындағы Самара — Шымкент тасжолында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған Van Hool рейстік автобус жолда тұрып қалды. Салонда 56 шетелдік жолаушы, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала болды. Тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялап, кемпингке орналастырды, - делінген мәліметте.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Астанада ер адамнан есірткі тәркіленді
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген