Ақтөбе облысында сегіз адам қар құрсауында қалған

Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр
05.03.2025 13:45
307
ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 8 адамды құтқарды, деп El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылынан 15 шақырым қашықтықта ішінде 8 жолаушысы бар 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады.
Құтқарушылар арнайы көлікпен шақырту орнына жедел жетіп, автокөліктерді жақын маңдағы елді мекенге сүйреп апарып тастады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Бөлісу:
