Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері су тасқынымен күрес шараларына белсенді қатысуда
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
27.03.2024 19:34
850
Ақтөбе облысының елді мекендерінде полиция су тасқынынан қорғау шараларына белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріген қар суымен бірге екі күннен бері жауған жаңбырдың салдарынан облыс аумағында бірнеше ауылды су басты. Әсіресе Темір, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандары зардап шегуде.
ІІМ мәліметінше, полицейлер мен құтқарушылар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқаруда.
Мысалы, Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылын су тасқынынан қорғау шараларына қатысуда. Ауылды еріген қар суынан қорғау жұмыстарына полиция бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында 12 адам тікұшақпен құтқарылды