Жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция бекетінен өтіп кетпек болғандар ұсталды

Ақтөбе облысында полиция бекетінен өтіп кетпек болғандар ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 08.02.2024 23:10 607

Ақтөбе облысында полиция бекетінен өтіп кетуге тырысқан екі жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс бойынша көлік құралдарының қозғалысы шектеліп, бекеттер қойылды.

8 ақпанда таңертең Сарыжар ауылынан шығатын жерде Lexus жүргізушісі полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, автокөлік қозғалысын шектейтін полицияның бекетінен жол жиегі арқылы өтіп кеткен, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар Кеңқияқ ауылынан шығатын жерде ВАЗ автокөлігін басқарып келе жатқан Темір ауданының тұрғыны полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, бекеттен өтіп кеткен.

Екі көлік те тоқтатылып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Заң бұзушыларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға