Жаңалықтар

Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен

Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен
Фото: ҚР ТЖМ 23.02.2025 00:12 203

ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Баршақұм ауылында 1987 жылғы ер адам мал іздеп шығып, қатты боранның салдарынан адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар жедел түрде келіп, іздестіру жұмыстарын төртаяқты құтқарушылардың, қар көлігімен және ТЖМ арнайы техникалардың көмегімен жүргізді. Малшыны құтқарушылар «Егізқара» шаруа қожалығының аймағынан тапты. Аталған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға