Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір мезгілде жеті вокзал жөнделеді

Ақтөбе облысында бір мезгілде жеті вокзал жөнделеді
Фото: aktobe.vokzalzhd.ru 13.04.2025 02:15 361

Жұмыс келесі аптада басталуы тиіс. Оның біреуі Ақтөбе қаласындағы вокзал болса, қалғаны аудандарда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жауаптылар жөндеу кезінде жолаушылар тасымалына барынша кедергі келтірмеуге тырысамыз деп отыр. Тұрғындармен кездесу барысында вице-министр 2030 жылға дейін вагондардың 80 пайызын жаңарту көзделіп отырғанын жеткізді.

Қандыағаш-Шалқар тас жолы жөнделеді. Ал төрт жолақты Ақтөбе – Ұлғайсын жолы 2029 жылы қолданысқа берілуі тиіс. Бұл нысанның құрылысында жаңа ереже қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға