Ақтөбе облысында бір мезетте 6 мың оқушы күй тартты
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
01.05.2023 16:45
1556
Ақтөбе облысында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай өткен Dombyra party шарасында 6000 бала бір күй тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Ел бірлігі: қасиетті домбыра» атты Dombyra party шарасында жас өнерпаздар қазақ халқының көрнекті композиторларының өлмес шығармаларын орындап, көпшілік назарын аударды.
Облыс орталығындағы Dombyra party акциясы Өнер орталығынан бөлек, Шығармашылық академиясы ғимараты алдында, Есет батыр шағын ауданының Есетбатыр ескерткіші жанындағы алаңы секілді бірнеше жерде өтті. Ақтөбелік өнерлі оқушылар А.Жұбановтың «Би», Құрманғазының «Балбырауын» және Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін тартты.
Осы орайда жергілікті атқарушы орган басшылары қазақ музыкалық аспаптарының үйірмелеріне баратын этнос өкілдерінің оқушыларына домбыра табыстады. Сонымен қатар, дарынды жастарды қолдау мақсатында тағы бірнеше балаға музыкалық студияда ән жазуға сертификаттар берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға