Жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір күнде 4 адам судан құтқарылды

Ақтөбе облысында бір күнде 4 адам судан құтқарылды
Фото: el.kz 09.07.2023 10:23 677

Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды оқыс оқиға кезінде аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 шілде күні құтқарушылар Ақтөбе қаласының "Тропикана" демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестіруді бастаған болатын. Суға шыққан катамаранда 3 адам болған.

Құтқарушылардың км 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды. Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды да құтқарып қалды.

Құтқарылғандармен судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға