Ақтөбе облысында әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
04.12.2023 14:10
1671
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында әскери қызметші әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 2 желтоқсанда болған.
«Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші жанжал салдарынан әріптесіне оқ атқан. Оқты өзіне бекітілген қарудан атқан. Оқ тиген әскери қызметші жедел жәрдем қызметі келгенде қайтыс болды, - дейді ведомство.
Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Есте сақтау қабілетін арттыратын 8 тәсіл
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды