Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 8 шетелдік елден шығарылды

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді
Ақтөбе облысында 8 шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz 15.11.2022 15:17 972

Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карточкаларын бере отырып, пәтерлерді, сондай-ақ аулаларды аралап, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендерде, мемлекеттік мекемелер мен ойын-сауық мекемелерінің ғимараттарында (мейрамханалар, кафелер, барлар, клубтар және тағы басқа), сондай-ақ тұрғын үйлердің кіреберістерінде ақпараттық парақтарды орналастырады.

Аталған іс-шара барысында салық органдарында тіркеусіз тапсырылатын 877 пәтер анықталды. Барлық фактілер бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды. Жалпы, аталған іс-шара басталғаннан бері 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полицияға 1235 бұзушы және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 801 адам, тіркеусіз тұрғаны үшін 2138 құқық бұзушы тартылды. Нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол берген 7 үй иесі анықталды.

“Учаске” іс-шарасы барысында базарлар мен өзге де сауда орындары тексерілді, тұрғылықты жері бойынша 800 шетелдік азамат тексерілді, оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік тәртіппен алыс және жақын шетелдердің 10 азамат ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттен ТМД-ның 8 азаматы шығарылды. Елде 3 азаматтың болу мерзімі қысқартылды.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өкілдерін тарта отырып, бар проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға