Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ©Pixabay.com 05.07.2024 08:25 585

Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті пайдаланылмайтын жерлер мен заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан «Рахымжан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 гектар жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды, - делінген мәліметте.

Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға