Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды

Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігі 24.04.2025 02:05 126

Ақтөбе облысында «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымдарындағы 180 мыңнан астам оқушы қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін бір мезетте тебірене оқыды.

Таңғы сағат 10:00-де облыстағы 433 мектептің барлығында поэтикалық оқулар, театрландырылған қойылымдар мен әдеби композициялар ұйымдастырылды.

Оқу сағатының мақсаты Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды, - делінген мәліметте.

Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың «Жаз», «Қыс», «Күз», «Ғылым таппай мақтанба» секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға