Ақтөбе облысында 15 жасар қыз суицид жасады
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz
13.01.2023 20:09
1227
Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
13 қаңтар сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша "суицидке жеткізу" ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Уран – ұранымыз емес
Келесі жаңалық
Ақтауда қатты желден жарық сөніп қалды