Жаңалықтар

Ақтөбе облысына қарасты ауылда тұрғын үйлердің қазығы қағылды

Ақтөбе облысына қарасты ауылда тұрғын үйлердің қазығы қағылды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 15.06.2024 19:48 486

Ақтөбе облысына қарасты Ырғыз ауданының орталығында 50 тұрғын үй бой көтереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірге 11 мердігер компания құрылысқа қажетті барлық материал бар деп отыр. Қазіргі таңда кейбір тұрғын үйдің іргетасы құйылса, 3 үйдің қабырғасын қалана бастаған. 

Асылбек Есенбаев мердігерлерге құрылыс жоспарға сәйкес, уақытылы аяқталу керектігін, эвакуациялық пунктегі тұрғындар жаңа баспаналарын күтіп отырғанын алға тартты. Тұрғын үйлердің құрылысы - облыс басшылығының қатаң бақылауында. 

Құрылысшыларға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 10 сарбазы көмектесуде. Нұра ауылының тұрғындары үшін салынатын баспаналардың құрылыс жұмыстарына да мердігерлер кірісті. 12 маусым күні тұрғын үйдің іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Ал бүгіннен бастап геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.

Ырғыз ауданында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы екінші нарықтағы үйге көшсе, 134 отбасы жаңа баспананы күтіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға