«Ақтөбе» клубына жаңа бас бапкер келді
Фото: instagram.com/fcaktobe_official
Фото: instagram.com/fcaktobe_official
01.12.2023 17:17
1293
«Ақтөбе» футбол клубы жаттықтырушы Дмитрий Парфеновтың бас бапкер лауазымына тағайындалғанын ресми хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
49 жастағы маман футболшы ретінде мәскеулік «Спартак» намысын қорғап, Ресейдің төрт дүркін чемпионы атанған. Украина ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.
2012 жылы бапкерлік мансабын бастап, Ресей жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Текстильщик» клубын баптап, «Тосно» ұжымымен Ресей кубогін жеңген.
Одан бөлек, ресейлік «Урал» клубымен де ел кубогінің финалына дейін жетіп, тулалық «Арсеналды» жаттықтырады. Кейінгі жұмыс орны «Родина» клубы болып, онымен бірге РПЛ-ға жолдама беретін өтпелі матчтарда бағын сынайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды