Жаңалықтар

«Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» жолын жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

«Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» жолын жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр
Фото: Қазавтожол 22.05.2024 15:12 557

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» автожолының 773-912 шақырымындағы учаскесінде жол қабатын тегістеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бүгінгі күні асфальтбетон қоспасынан тегістеу қабатын салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Жоспарланған 528 600 м2 көлемнің 84 800 м2 орындалды. Бұл жұмыстарға 65 бірлік арнайы техника мен 84 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 
 
Асфальтбетон зауытынан асфальбетон қоспасын тасымалдаудың орташа қашықтығы 165 шақырымды құрайды.
 
Бұдан басқа, өндірістік жоспар мен 2024 жылға арналған жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мақсатты бағдарлама аясында 35 000 м2 ауданда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» учаскесінде 15 000 м2. Қазіргі уақытта 9 199 м2 ауданда жұмыстар аяқталды. Шұңқырларды жөндеу жұмыстарына пайдаланушы мекеменің 4 бригадасы жұмылдырылды.
 
Атап өту керек, 2025 жылы осы учаскеде І техникалық санатқа көшіру бойынша қайта жаңару жұмыстарын бастау жоспарлануда. Қазіргі таңда қажетті қаржыны бөлу бойынша халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға