Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тақталарын ауыстыру жұмыстары басталды

Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тақталарын ауыстыру жұмыстары басталды
Фото: gov.kz 20.08.2023 15:01 551

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, мұнда әуеайлақ тақталарын ауыстыру және қайта жаңарту басталды.

Әуежай әкімшілігі барлығы 1000-ға жуық тақтаны ауыстыру және жөндеу жоспарланғанын хабарлап отыр. Шаралар қараша айында аяқталуы керек. 

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында 100 плита ауыстырылды.

Өңір басшысы жұмыстардың сапалы және уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға