Ақтөбе-Астрахань трассасында жол апатынан 1 адам көз жұмды
Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
28.01.2023 18:50
1383
Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 523 шақырым тұсында 1959 жылы туған азаматтың басқаруындағы КамАЗ және 1956 жылы туған азаматтың басқаруындағы Skoda автокөліктері соқтығысып жол-көлік оқиғасы орын алды.
Соққы салдарынан Skoda автокөлігінің 1960 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана әуежайында 55 жастағы жолаушы рейстен түсірілді
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды