«Ақтөбе-Алматы-1» пойызы қатынамайтын болды

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
16.12.2023 18:15
1995
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды
Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Желтоқсан оқиғасы желтоқсаншы көзімен...
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді