Жаңалықтар

"Ақтаулықтар ренжіді". Құдалықтағы дәстүр үшін Абай Бегейдің басы дауға қалған

"Ақтаулықтар ренжіді". Құдалықтағы дәстүр үшін Абай Бегейдің басы дауға қалған
Фото: Видеодан кадр 21.11.2023 10:22 2764

Әнші Абай Бегейдің құдалық кезіндегі әрекеті желіде қызу талқыға түскені белгілі. Әнші бұл жағдайдан соң жерлестерінен сөз естігенін де жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттіктермен құда болған әнші Абай Бегей оңтүстіктің салт-дәстүріне таңданғанын жазған едік. Құдалықта келіннің төркіні жасау алып келіп, жүк көрсетті. Абай Бегей мен әйелі келіннің артынан келген көрпеге жатып, аунап, ырымын жасаған болатын.

Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр оңтүстікте барын білетінмін. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған, – деді "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.

Шымкенттен келін алған өнер иесі оңтүстік өңірдің салтынан аттап кете алмағанын түсіндірді.

Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отырды, солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын."Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деп айтып жатады. Сол себепті қай жақтан келін алсаң, сол жақтың дәстүріне көну керек. Маған Маңғыстаулық кісілер ұрсып тастады. Бірақ, мен ұят ештеңе көрмедім. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын, - деді әнші. 

Айта кетейік, әншінің әйелімен бірге көпшіліктің көзінше төсекте аунағанын көрген желі қолданушылары сынай жөнелгенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға