Ақтаулық оқушы Нью-Йорк университетінің грантын жеңіп алды
Ақтау қаласы бойынша N13 гимназияның 11-сынып оқушысы, үздік аттестатқа үміткер Сапар Диляра Шанхайдағы Нью-Йорк университеті - Қытай мен Нью-Йорк университеті арасындағы ынтымақтастықта құрылған алғашқы халықаралық қытай-американ университетінің грантын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Нью-Йорк университеті беделді Times Higher Education University Rankings әлем бойынша 30-шы орынды алған ең мықты университет болып есептеледі.
Грант соммасы 208.000 доллар оқу шығынын жабады.
Университетке биыл 50.000-ға жуық түлек тапсырса, бакалавриатқа тек 1400 студентті қабылдайды.
Олардың жартысы Қытайдан, ал қалғандары Америка Құрама Штаттарынан және 70-ке жуық басқа елдерден келеді.
Университетте 19 түрлі мамандықтар бар, Сапар Диляра бизнес және экономика саласын таңдады.