Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккен Қырғызстан азаматтарының туыстары келді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
29.12.2024 16:13
856
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен Ринат Асановтың туыстары, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылары мен медицина қызметкерлері қалаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Медицина мамандарының айтуынша, науқас ауруханаға бет-аузы қатты ісіп, ес-түссіз күйде жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, туған ағасын танығанын ишарамен білдірген.
Қырғызстан ТЖМ хабарлауынша, апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан және Әзербайжан ТЖМ-мен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Дәрігерлер бүгін зардап шеккендерді эвакуациялау мәселесі бойынша консилиум өткізіп, олардың жағдайын талқылады. Қазіргі уақытта екі азаматтың да жағдайы тұрақты, бірақ медициналық бақылау әлі де қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде спорт саласының үздіктері марапатталды