Ақтаудан велосипедпен шыққан ата Парижге жетті

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
26.07.2024 13:24
602
64 жастағы Рәббім Борашев мамыр айында велосипедпен Ақтаудан шығып, Парижге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Тбилиси, Анкара, София, Белград, Будапешт, Вена және Мюнхен жолдары арқылы 5000 шақырым жүріп, Триумфальды аркаға жетті. Оны Қазақстаннан келген туристер, қазақ диаспорасы және француз азаматтары қарсы алды.
Борашевті қарсы алуға Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Олимпиадаға арналған киімі ең үздік 10 ел аталды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды