Жаңалықтар

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: сотта анасының жағдайы нашарлады

Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: сотта анасының жағдайы нашарлады
Фото: коллаж El.kz 30.01.2025 16:15 475

Апелляцияның қорытындысын күтіп отырған марқұм Алина Серікованың анасының жағдайы нашарлап, медициналық көмекке жүгінуіне тура келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Lada.kz басылымының тілшілері хабарлады. Сот ғимаратындағы полиция мен өзге адамдар Алинаның анасын басқа ғимаратқа апарып, медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Айта кетейік, сот залына Алинаның отбасын қолдауға өте көп адам келген. 

Еске салайық, бұған дейін сот залына Алинаның ата-анасын кіргізбей қойған болатын. Соттың мәліметінше, сот залында Алина Серікованың ағасы Бауыржан Жолжан ғана отыр. Жәбірленуші тараптың өкілдері бес айыпталушының жеті адвокаты барын айтады. Сонымен қатар, сот залында екі айыпталушының анасы мен әйелдері отыр. Алайда, Lada.kz мәліметінше, жақын туыстары сот залына кіргізілмеген.  

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамыр айында жаттықтырушы Ақтаудың 19 шағын ауданындағы көпқабатты үйден құлап, қаза тапқан. 

2024 жылдың 18 желтоқсанында қылмыстың басты фигурантына сот 20 жыл, ал қалғандарына 6 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қыздың туыстары бірнеше жыл ішінде кінәлілер шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін деп қорқады.

2025 жылғы қаңтарда Маңғыстау облысының прокурорлары апелляция берді. Мемлекеттік айыптау тарапынан сот үкімі тым жеңіл деп танылды: олар басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалғандарына 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етуде.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға