Ақтаудағы жаттықтырушы қыздың өлімі: марқұмды қамап ұстаған үй көрсетілді
Ақтауда бес ер адамнан қорлық көрген жаттықтырушы Алина Серікованың оқиғасына қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қыздың құрбысы Әсел Шотқара мен ағасы Бауыржан Жолжан Lada.kz сайтына қылмыс орнынан фотосуреттер ұсынды.
Марқұмның туыстарының пікірінше, сотта "суицидке дейін жеткізу" бабы дәлелденбеген болып шықты.
Алина екеуміз ас үйде сөйлескен кезде, ол төрт сағат бойы қорлық көрген бөлме туралы айта бастады. Алина кірген кезде жеңіл кілемді, екі қабатты темір кереуетті, шеттеріне таспамен жабылған жеңіл перделерді көргенін айтты. Ішінде мұнайшылардың арнайы формасына ұқсас қызыл түсті киім ілулі тұрды. Шкафтар, бүктелеген көрпелер туралы айтты, - дейді құрбысы.
Марқұмның ағасы мен туыстары бес күдіктінің осы оқиғаға қатысы барына күмәнданбайды. Сонымен қатар, олар Алинаға қатысты зорлық-зомбылықты тек біреуі емес, бес күдікті де жасағанын дәлелдей алмай отыр. 21 қаңтарға тағайындалған тыңдау сотталушылардың бірінің адвокатының келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамыр айында жаттықтырушы Ақтаудың 19 шағын ауданындағы көпқабатты үйден құлап, қаза тапқан.
2024 жылдың 18 желтоқсанында қылмыстың басты фигурантына сот 20 жыл, ал қалғандарына 6 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қыздың туыстары бірнеше жыл ішінде кінәлілер шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін деп қорқады.
2025 жылғы қаңтарда Маңғыстау облысының прокурорлары апелляция берді. Мемлекеттік айыптау тарапынан сот үкімі тым жеңіл деп танылды: олар басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалғандарына 15 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етуде.